Текелі — Қазақстан Республикасы, Жетісу облысына бағыныстағы қала (1952 жылдан), темір жол стансасы.
Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 0,1 мың шаршы км (61,33 га). 2003 жылғы деректер бойынша 24,3 мың тұрғыны бар. Қала Текелі өзенінің сол жағалауында, Жетісу Алатауының батыс сілемдері шатқалының бірінде, теңіз деңгейінен 950-1600 м биіктікте орналасқан.
Оған Рудничный кенті қарайды (тұрғыны 1000 адам).